Атырауда түрме қызметкерлері жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда түрме қызметкерлері жазаланды

05.09.2017

Атырауда УГ-157/9  мекемесінің екі қызметкеріне қатысты үкім шықты. Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Мәселен, мекеме қызметкерлері жазасын өтеушіні таңғы дене шынықтыруын жасамағаны үшін қолын артқа қайырып, ұрып тепкілеген. Нәтижесінде жәбірленуші дене жарақатын алған. Сот отырысында сотталушылар өз кінәларын мойындап, бас бостандықтарынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші де оларды кешіріп, ешқандай талап қоймайтынын айтқан. Алайда, сот үкімімен түзеу мекемесінің қызметкерлері кінәлі деп танылды.

 

Өнербек ЖАҢАБАЙ

Хабарламаларға жазылу