Ит пен мысықтарға чип орнатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ит пен мысықтарға чип орнатыла бастады

04.09.2017

Алматылық ветеринарлар ит-мысықтарға арнайы чип орната бастады. Ондағы мақсат - көшедегі қаңғыбас иттердің санын азайту. Сондай-ақ, қалада қанша ит пен мысық бар екенін анықтау және оларға қажет дәрі-дәрмекті  есептеу. Мамандар чип  арқылы иттерді интернет арқылы бақылап, жоғалған жануарларды иелеріне дереу тауып береді. 

Әзірге қала бойынша чиптеу жұмыстары тегін жүргізілуде. Ол үшін жергілікті бюджеттен әр ауданға 8 млн. теңге бөлінген. Жыл соңына дейін әр ауданның мал дәрігерлері 8 мың ит пен мысыққа микрочип орнатуды жоспарлап отыр.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу