Атырау облысында жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды

04.09.2017

Атырау облысы Индер ауданының орталығы Индербор ауылында қайғылы оқиға болды. Тараздан келген «Тараз Сәулет»  мердігер компаниясының үш жұмысшысын кенттегі Бейбітшілік көшесінде жерасты кәріз құбырларын  жүргізу кезінде топырақ басып қалған. Яғни, қазылып тұрған арықтың қабырғалары опырылып түсіп кеткен. Соның салдарынан 28 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Ал, аман қалған екі азамат түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілген. 

Ө.ЖАҢАБАЙ

Хабарламаларға жазылу