Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы мұсылман бауырлардың жағдайына байланысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы мұсылман бауырлардың жағдайына байланысты пікір білдірді

04.09.2017

Мьянмадағы мұсылман бауырлардың жағдайына байланысты Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. Сенат төрағасы «Біріккен Ұлттар Ұйымы Мьянмада болып жатқан оқиғаларға тура көзқарасын білдіру қажет. Соншама жазықсыз мұсылман қатігез қуғын-сүргіннен зардап шегіп жатыр», - деп атап өткен. 

Ал, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов болса, жуырда елімізде өтетін Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде бұл мәселенің назардан тыс қалмайтынын айтты.  

Раушан САЙЛАУ

Хабарламаларға жазылу