Министрліктің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың хабарлауынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қалалық Ішкі істер департаменті қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде күзет фирмасының қызметкері Полатовқа дене жарақатын салуға қатысқан күдіктілерді анықтаған. Оның соққыға жығылуына қарымта жауап ретінде құрылыс нысанының жұмысшысы, Үндістан азаматын соққыға жығуға қатысқан күзет құрылымының қызметкерлерінен де күдіктілер анықталды.
Жалпы, полиция бөлімшесіне жеткізілген 41 адамның 8-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қалғандарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы ескертуден кейін босатылған.
