Талдықорғандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше бір құрметпен атап өтуді дәстүрге айналдырды. Айт күндері қалада 70 такси қалың жұртқа тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, бұл діни мейрам ұлттық ойындармен ұласып, жетісулық жамағат ат жарыстырып, балуан күрестіріп, арқан тартысып көңіл көтереді. Мұндағы мақсат - игі амалдар мен жақсылыққа шақыратын Құрбан айт мерекесінің мәнін тереңдетіп, мәртебесін асқақтату.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ