Бүгін - Құрбан айт мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Құрбан айт мерекесі

01.09.2017

Елімізде күздің алғашқы күні - Құрбан айт, барша мұсылманның ұлық мерекесінен басталды. Үш күнге созылатын мейрам, Айт намазын оқудан басталады. Бүгін таңғы сағат 7-де елорданың 8 мешітінде Айт намазы оқылды. Енді жұртшылық үш күн бойы Алла разылығы үшін құрбандық шалады. Көрші-қолаң, туған-туыс әдемі киімдерін киіп, бір-біріне қыдырып, «Айт құтты болсын!»  деп, ізгі тілектерін жеткізеді. Бұл күні ренжіскен кісілер қайта табысып, өкпе-реніштерін ұмытады.  Науқастың көңілін сұрап, арнайы бас сұғу, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру сауапты істерге жатады. Бүгін республика бойынша демалыс. Себебі, Президент Жарлығына сәйкес Құрбан айт елімізде ресми тойланатын мейрамдардың қатарына енгізіліп, айттың бірінші күні демалыс болып белгіленген.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу