Мектептерде сабақтың басталуына санаулы күндер қалғанда Астанадағы Бектасовтар отбасындағы балғындар мектепке әлі дайын емес. Тілшімізге айтқан базынасында отбасы әлеуметтік жағдайының күннен күнге төмендеп бара жатқанын жасырмады.
Күзетші болып жұмыс істейтін отағасының жалақысы отбасын асырауға жетпейді. Бес баланың үлкені студент болса, бірі - мүгедек, ең кішісі екі жаста. Қос бүлдіршін мектепке баруы тиіс.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ