Кәсіпкерлерді заңбұзушылық үшін бірден жазаламай, алдымен ескерту қажет. Сонда бизнес ортаны түбегейлі жақсартып, кеңейтуге мүмкіндік аламыз, - дейді Ұлттық экономика министрі. Ол үшін Тимур Сүлейменов алдын ала бақылау жүргізетін институт құруды ұсынып отыр. Сонда заң бұзған кәсіпкерге ескерту жасап, оған олқылықты жоюға уақыт беріледі. Ескертуді елемегендерді ғана жазаға тартқан жөн, - дейді министр.
Альбина ӘШІМ