Қазақ-Британ әріптестігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Британ әріптестігі талқыланды

31.08.2017

Британияның Еуроодақтан шығуы ресми Астана мен Лондонның қарым-қатынасына қалай әсер етеді? Бүгін дәл осы тақырып Ұлыбританияның Америка мен Еуропа істері жөніндегі министрі Алан Данканның Елордаға сапары кезінде талқыланды.

Министрдің ойынша, «Брэксит» екі ел арасындағы байланысқа кері әсер етпейді. Кездесуге сарапшылар және дипломатиялық корпус мүшелері қатысты.

Ұлыбритания - Қазақ елінің сыртқы саясаттағы басты стратегиялық серіктесі. Бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың Ағылшын аралына жасаған 9 сапары дәлел. Осы сапарлар нәтижесінде сан-саланы қамтыған құжаттар бекіді. Ағылшындар Қазақстан экономикасына қаржы құйған инвесторлардың алғашқы ондығынан орын алған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу