Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде

31.08.2017

Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысынан 60-тан астам өндіруші келген. Өнеркәсіптің сан саласын қамтыған жәрмеңкеге келген тұрғындар саны көп.

Фармацевтика, азық-түлік, жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп компаниялары  200-ге жуық өнім түрін ұсынып отыр. Айта кетейік, тауардың бағасы нарықтағыдан едәуір арзан. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ          

Хабарламаларға жазылу