Таразда облыс басшылары мен аймақ атқамінерлері бастап, қала тұрғындары қостап веложарыс жолына шықты. Ата заң күні мерекесінде дәстүрге айналған шараға қатысушылардың қарасы да қалың болды.
Таңертеңнен орталық «Достық» алаңына ағылған халық легінен мерекенің лебі есті. 600-ден астам велошабандоз жарыс жолына шықты. Олардың қатарында ел ағаларынан бастап – жасөспірім балаларға дейін бар. Бағыт – қала орталығынан «Қазақ хандығы» монументіне дейін барып, қайту.
Велошеру - мерекелік думанға жалғасып, Әулиеата аспанында ән қалықтап, күй шалқыды.