Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында метан газының тарауынан 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында метан газының тарауынан 3 адам қаза тапты

31.08.2017

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында метан газының тарауынан уланып, кем дегенде  3 адам қаза тапты. Оқыс оқиға бүгін таңғы 4 шамасында болған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Алдын ала деректер бойынша шахтада барлығы 130-дан астам адам болуы мүмкін. Ал апатты учаскеде 4 жұмысшы қалған. Қазір Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде.

Хабарламаларға жазылу