Бүгіннен бастап еліміздегі Іскер әйелдер қауымдастығы жанында «Жас қанаттар» деп аталатын жас кәсіпкерлер ұйымы жұмысын бастайды. Оған 18-35 жас аралығындағы кәсібін енді бастаған қыз-келіншектер мүше бола алады. Бүгін Астанада басталған халықаралық бизнес-конференцияда олардың бастамасын одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Қазіргі күні елдегі ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы кәсіпкерлердің үлесінде. Қазақстандық іскер қыз-келіншектер бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізуге қауқарлы екенін айтып отыр. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ден астам қыз-келіншек кәсіпкерліктің табыс кілтін табудағы құпиясымен бөлісті.
Шынар АСАНҚЫЗЫ