​​​​​​​Бүгін - елімізде Конституция күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

​​​​​​​Бүгін - елімізде Конституция күні

30.08.2017

Ата заңымыз 1995 жылы 30-тамыз күні Бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Мемлекеттің ең басты заңында азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары толық көрсетілген. Осыдан 22 жыл бұрын 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жаңа кезеңіне нық қадам басқан еді. Содан бері егемендігіміздің тірегіне айналған Ата заң мемлекеттегі барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформаның табысты жүзеге асуына, дамудың даңғыл жолына айналды.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу