Астанада «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

30.08.2017

«Ата заң – елдегі тұрақтылықтың негізі». Осындай атпен еліміздің Ұлттық музейінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар бұған дейін заман ағымына қарай бірнеше рет өзгерген Конституцияның тарихын саралады. 1995 жылы 30-тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңның ерекше тұстары талқыланды. Сол кезде басты құжатты әзірлеуге атсалысқан мамандар дамыған озық елдердің конституциялары жан-жақты зерттелгенін айтты. «Қазақстанның Ата заңы көбіне Францияныкіне ұқсас», - дейді олар. Сондай-ақ, басқосуда Конституцияның ел дамуындағы ерекше рөлі аталып өтті.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу