Мейрамға орай, Әуезов аудандық әкімшілігі «Отбасы» саябағына сахна құрып, халыққа думан сыйлады. Алматылықтар жыл сайын Конституция күнін кеңінен тойлайды. Өйткені, қолданыста жүрген Ата заңымыз алғаш рет осы алып шаһарда түзілген еді. Бүгін де әсем ән әуелеп, күмбір-күмбір күй төгілген шарада өнерпаздар халқымыздың мұрасына айналған тарихи туындыларды ұсынды. Танымал эстрада әншілері туған жер туралы патриоттық әндерімен көрермендердің көңілдерін бір серпілтті.
Амангелді СЕЙІТХАН