Ата заң – кемел келешектің кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата заң – кемел келешектің кепілі

29.08.2017

«Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы». Астанада осындай тақырыпты арқау еткен халықаралық жиын басталды. Шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жиынға қатысушыларға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Елбасы «Ата заңымыз заңдылықтың, келісімнің және еліміздің қарқынды дамуының кепілі» екенін атап өткен. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанды бүкіл әлемде жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы деп танитыны айтылған. 14 мемлекеттен келген меймандар мен заңгерлер, екі күн қатарынан ғылыми-тәжірибелік басқосу аясында пікір алмаспақ.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу