Бүгін - Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні. Оны өз аумағындағы сынақ полигонын тарихта алғаш болып жапқан Қазақстанның бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар ұйымы тағайындаған. Осыдан тура 26 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 40 жылдың ішінде онда 500-ге тарта ядролық сынақ жарылысы жасалды. Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Мемлекет басшысы бұл тарихи қадамның өркениеттік маңызы зор екендігін алға тартады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ