Астана халықаралық қаржы орталығында ағылшын құқығына негізделген сот жұмыс істейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана халықаралық қаржы орталығында ағылшын құқығына негізделген сот жұмыс істейтін болды

29.08.2017

Жоғарғы сотта қаржы орталығы басшылығы мен Ұлыбритания өкілдері үшжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Қаңтардың бірінен бастап жұмыс істейтін орталыққа халықаралық деңгейдегі судьялар тартылатын болады. Қол қойылған құжат еліміздегі шетелдік инвесторлардың санын арттыруға мүмкіндік береді. «Өйткені, олардың қомақты қаржылары жоғары деңгейдегі құқықтық негізде қорғалады», - дейді мамандар. Сондай-ақ, ашылатын арнайы сот қаржы дауларын шешіп, халықаралық деңгейдегі мәселелермен айналысады. Астана халықаралық қаржы орталығы Дубай қаржы орталығының негізінде құрылғалы отыр.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу