Қазақстан жасымық өсіруден әлем бойынша бесінші, ал, оны экспорттаудан төртінші орынға ие болып отыр. Мұндай көрсеткішке Солтүстік Қазақстан облысында бұршақты дәнді дақылдардың жылдағыдан көбірек егілуінің арқасында жетіп отырмыз. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов журналистермен кездесіп, аймақта атқарылған істерді қорытындылады. Биыл солтүстік өңірде майбұршақ алғаш рет егіліп, жақсы өнім алынды. Ал, келесі жылы майлы дақылдар алқабын 1 миллион гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы астық та сапалы, мол болады деген болжам бар. Әкімнің айтуынша, диқандар 4, 2 млн. гектар егісті жинап алуы тиіс. Осы күнге дейін алқаптардың 21 пайызы орылыпты.
Альбина ӘШІМ