Қойма Өскеменнің Үлбі металлургия зауыты аумағында салынған. Құрылыс құны шамамен 700 млн. теңге. Қаржының жартысынан көбін МАГАТЭ ұйымы бөлсе, қалғаны зауыт есебінен қаржыландырылды. Банк уран қоры жоқ және уран қорын байытуға ұмтылмайтын МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттерге ядролық отынды жеткізу үшін арнайы кепілдеме қоры ретінде құрылды. Демек, бұл өнімді жеткізуде қандай да бір кедергілер болса, тұтынушы елдер банк қорын пайдалана алады. Төмен байытылған уран банкін салу Қазақстанға халықаралық деңгейде көшбасшы болу мүмкіндігін беріп қана қоймай, уран қорларын ұлттық экономиканы дамыту үшін саяси және экономикалық жағынан мақсатты пайдалану бойынша үлкен жауапкершілік жүктейді.
Зарина ҰЛЫҚБЕК