Марал өсіретіндерге субсидия беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марал өсіретіндерге субсидия беріледі

25.08.2017

Марал өсіретін шаруашылықтар биыл республикалық бюджеттен субсидия алады. Елімізде бұл жануарлардың 95 пайызы Шығыс Қазақстан облысында мекендейді. Кербұғыларды көбейтіп, олардың мүйізінен панты алатын шаруаларға осы уақытқа дейін тек облыстық бюджеттен қаржылай қолдау көрсетілген болатын.

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстанда 18 марал шаруашылығы бар. Олардың басым бөлігі Катонқарағай ауданында орналасқан. Бүгінде облыс бойынша барлық маралдардың саны 8 мыңға жуық. Осы саланы қолдау үшін 2009 жылы өңірде арнайы бағдарлама бекітіліп, аймақтық бюджеттен бірнеше жыл субсидия берілген болатын. Бұл қаржы жалпы жағдайды жақсартып жібермесе де, аймақтағы марал шаруашылықтарының көтерілуіне біраз көмек болды.

Өңірдегі маралшылар енді Үкіметтің қолдауы марал шаруашылықтарының айтарлықтай өркендеуіне жақсы демеу болады деп үміттеніп отыр. 

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу