Алматы облысының диқандары жүгері алқаптарын кеңейтуді көздеп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының диқандары жүгері алқаптарын кеңейтуді көздеп отыр

25.08.2017

Алматы облысының диқандары жүгері алқаптарын кеңейтіп, өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Қазіргі таңда өңірде 79 мың гектарға осы дақыл өсіріледі. Былтыр орта есеппен әр гектардан 64 центнерден өнім алынған. Кей алқаптарда 120 центнерге дейін жетіпті.

Облыс аумағында өткен алқап күнінде жүгері мен майлы дақылдар көлемін арттыру мәселесі қаралды. Семинар-кеңеске Ресей, Еуропа және Қазақстанның ғалымдары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу