Шығыс Қазақстанда медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу барысын енді қоғамдық бақылау комиссиясы қадағалайтын болады. Аймақ басшысы Даниал Ахметов жергілікті атқамінерлерге арнайы тапсырма берді. Өңірдегі медициналық ұйымдар арнайы аудит жүргізіп, емханаларға аса қажет қондырғылар тізімін жасақтады. Енді қондырғылар мен дәрі-дәрмекті сатып алу ісі көптің назарында болмақ. Комиссияның құрамына депутаттар, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері кірді.