Шығыс Қазақстан облысында жанармайды қымбатқа сатқан кәсіпкерлерге қатысты тергеу басталды. Олар өткен жылдың тамызынан биылғы ақпанға дейін мұнай өнімдерін келісілген бағадан жоғары саудалап келген. Қазір өңірдегі 19 нарық субъектісінің заңға қайшы әрекеті анықталды. Облыстық Табиғи монополияны реттеу департаменті өкілдері хабарлағандай, кәсіпкерлер 58 млн. теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Зарина ҰЛЫҚБЕК