Солтүстік Қазақстанда туризмнің дамуына кедергілер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда туризмнің дамуына кедергілер бар

22.08.2017

Қоғамдық көлік тасымалына отынды жеңілдетілген бағамен беру, мал дәрігерлерінің тапшылығы, туризмнің дамуына кедергілер. Теріскейдің осы тәріздес бірқатар түйткілді мәселелері сенаторлардың назарына ұсынылды. Парламенттің жоғарғы палатасының өкілдері екі күні бойы өңірдегі бірнеше кәсіпорынды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті. Оның бірі - ірі агроқұрылым «Зенченко и К» серіктестігі. Етті және сүтті бағыттағы ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық бүгінде мал санын көбейтіп, 8 мыңға жеткізген. Былтыр кәсіпорын 16 мың тоннаға жуық сүт өнімдерін шығарды. Сондай-ақ, сенаторлармен кездесуде жергілікті полицияның жұмысына оң баға берілді. «Ардагерлер туралы» жаңа заң да назардан тыс қалмады.

Хабарламаларға жазылу