Қызылордада Ақбасты ауылының тұрғындары 60 жылдан бері ащы су ішіп отыр. Оның өзін алыстан тасып әкеледі. Себебі, елді мекенде ұңғымадан шыққан ащы суды тазартуға қондырғының қауқары жетпейді. Тораптық су құбырына қосу үшін қаражат керек. Осындай түрлі себептерге байланысты елді мекенді таза сумен қамтамасыз ету әзір мүмкін болмай тұр.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ