Павлодар облысында мас полицей бірнеше көлікті қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мас полицей бірнеше көлікті қағып кетті

21.08.2017

Павлодар облысы Ақсу қаласында мас күйінде рөлге отырған жергілікті полиция инспекторы автотұрақтағы бес бірдей көлікті қағып кетті. Куәгерлер оның «Тойота-Камри» көлігін, мемлекеттік тіркеу нөмірін бейнетаспаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жариялап жіберді. Тұрғындардың шақыруымен оқиға орнына барған тәртіп сақшылары әріптестерін көлігінен шығара алмаған. Араққа сылқия тойып алған полиция капитаны есікті іштен жауып алып, сырттағыларға қоқан-лоққы көрсеткен. Тіпті оқиға орнынан қашып кетпек болған. Сөзге көнбеген соң көліктің әйнегін сындырып, ішінен суырып алуға тура келді. Қазір осы іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу