Солтүстікқазақстандық ондаған тұрғын алаяқтарға алданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікқазақстандық ондаған тұрғын алаяқтарға алданды

18.08.2017

Солтүстікқазақстандық ондаған тұрғын сан соғып қалды. Сенімсіз компания шотына ақша аударған олар өз қаражаттарын қайтара алмай жүр. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар «17 пайыздан 26 пайызға дейін қосымша табысқа кенелесіздер», деп уәде еткен. Оған қоса,  таныстарын да компанияға тартуды сұраған. Алайда, қосымша ақша түгілі бірде-бір адам өз ақшасын ала алмай отыр. Тәртіп сақшылары бұл компанияға қатысты қылмыстық іс қозғап, сот алды тергеу жүргізуде.    

 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Хабарламаларға жазылу