Полицейлерге көліктерінің терезелерін қараңғылатуға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлерге көліктерінің терезелерін қараңғылатуға тыйым салынды

17.08.2017

Ішкі істер қызметкерлері мен жергілікті полицейлерге көліктерінің артқы және бүйір терезелерін қараңғылатуға тыйым салынды. Мұны бүгін Ішкі істер министрлігінен хабарлады. Бұған дейін құзырлы орган өкілдеріне машиналарының тек алдыңғы терезесін қараңғылатуға болмайтын. Ал, жаңа ережені орындамағандарға тиісті тәртіптік шаралар қолданылмақ. «Жалпы, мұндай өзгерістер жол полициясы мен халық арасында туындайтын түсінбеушіліктерді жоюға, жемқорлықты азайтуға сеп болады», - дейді министрліктегілер.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу