Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Астана іргесіндегі «Этноауылға» барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Астана іргесіндегі «Этноауылға» барды

17.08.2017

Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астана іргесіндегі «Этноауылға» барды. Бұл жерде Маңғыстау облысының күндері өтіп жатыр. Алдымен Гүлшара Әбдіқалықова қазақ үйлерді көрді. Қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысты. Батыс өңірінен келген өнерпаздар Мемлекеттік хатшы алдында өз өнерлерін көрсетті. Ән әуелеп, күй күмбірлеп мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал, жыршылар «ЭКСПО»-ға арнауын айтып, қариялар батасын берді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу