Оларға қалалық 4-ші клиникалық аурухананың дәрігерлері оқиға орнында өкпе реанимациясын жасау, қанды дер кезінде тоқтату, жараны уақытында таңу сынды әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсетті. «Статистика бойынша, жол-көлік апаты кезінде алғашқы 10 минутта медициналық көмек көрсетілсе, жарақат алғандарды құтқаруға мүмкіндік зор», - дейді мамандар. Сондықтан, 4-ші аурухананың ұжымы алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен әуежай қызметкерлеріне де осындай дәрістер өткізбек.
Амангелді СЕЙІТХАН