Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жұмысшы қаза тапты
Оқыс оқиға су құбырларын ауыстыру кезінде болған. Үш метр тереңдікте қазылған шұңқырдың бір жағы кенеттен опырылып, үш жұмысшы үйінді астында қалып қойған. Бір адам сол жерде қайтыс болды, екі жұмысшы түрлі дәрежеде жарақат алған. Зардап шеккендердің бірі - 55 жаста, екіншісі - 46-да. Олар кеше түнде облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілген. «Екеуінің де жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер. Ал, қаза тапқан 46 жастағы азамат Ақсай қаласының тұрғыны. Ол соңғы екі жылда «Ақсайжылуқуат» мекемесінде темір шебері болып қызмет еткен. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03