Биыл Қостанайда бидайдың шығымы да, сапасы да жылдағыдан жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қостанайда бидайдың шығымы да, сапасы да жылдағыдан жоғары

15.08.2017

Аймаққа барған Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен кездескен диқандар қауымы осылай деп отыр.  Ендігі мақсат – мол өнімді ысырапсыз жинап алу. Шығымдылықтың артуына мемлекет жәрдемімен сапалы тұқым сатып алу көлемінің ұлғаюы оң әсер еткен. Биыл бұл көрсеткіш 1,5 есе артты. Алқаптарды аралап болған соң, Асқар Мырзахметов аймақтағы ғылыми-зерттеу институтында жаңа техника түрлерімен танысты. Биылдан бастап отандық өндірушілерден аспалы-тіркемелі техника алған шаруаларға жеңілдетілген несие бағдарламасы жүзеге асады. Сонымен қатар, тыңайтқыштарды субсидиялау шартының өзгеруі тиімді нәтиже берді. Бұл мақсатқа биыл 5 млрд. теңге қарастырылған. 

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу