Қызылордада жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

15.08.2017

Бұл жолғы шараның ерекшелігі - алғаш рет мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарға   ұсыныстар жасалды. 137 жұмыс орны бойынша азаматтардан түйіндеме қабылданды. Оның 20-ы - басшылық қызмет, 6 лауазым - құқық саласы бойынша болса, 20 орын - сот орындарына тиесілі. Жәрмеңкеге жалпы, 30 мекеме қатысты. Мәселен, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне тіс дәрігері, фтизиатр, хирург, терапевт мамандар қажет. Сондай-ақ, ағылшын тілі, орыс тілі, физика, химия, математика пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Білімі мен біліктілігі сәйкес келетін осы мамандықтың иелері мен әкімшілік қызметке жолдама алғандарға арнайы кеңестер берілді.  

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу