Петропавл қалалық соты «Қазавтожол» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы филиалы директорының үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты үкім шығарды. Соған сәйкес жемқорлық фактісімен ұсталған Асқар Жанкин 119 млн. теңге айыппұл төлейтін болды.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылы ақпан айының 23-інде «Қазавтожол» акционерлік қоғамы филиалының директоры пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын.
Самат САПАРАЛЫ