Елімізде еңбек етіп жүрген шетелдік оқытушылардың визалық тәртібі жеңілдеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде еңбек етіп жүрген шетелдік оқытушылардың визалық тәртібі жеңілдеуі мүмкін

10.08.2017

Бұл туралы бүгін халықаралық бағдарламалар орталығында өткен басқосуда айтылды. Құжат мәселесін талқыға салған жиын қатысушылары сапалы білім беру мәселесіне зор көңіл бөлу керектігін алға тартты. Осы орайда, шеттен келген білікті мамандарға құжат түйткілдері кедергі болмау керек. Мәселен, тәлімгерлер визаның уақытын созу үшін әр 6 ай, тіпті кейбірі 3 ай сайын шекара асуға мәжбүр. Енді осы мәселені еңбек келісіміне сәйкес реттеу көзделіп отыр.  Атап өтелік, елімізде 1000-ға жуық шетелдік ұстаз жұмыс істеп жүр. 

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу