Бурабай маңындағы көлдердің бірінде екі қыз суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабай маңындағы көлдердің бірінде екі қыз суға кетті

07.08.2017

Бурабай маңындағы көлдердің бірінде үрмелі төсек аударылып, екі қыз суға кетті. Қайғылы оқиға кеше сағат 13:45-те болған. Куәгерлердің айтуынша, кенеттен соққан қатты жел көл бетінде жүзіп жүрген төсекті аударып жіберген. Жүзе алмайтын екі қызды адамдар құтқаруға тырысқанымен, еш нәтиже шықпапты. Батып кеткен 18 жастағы қыздың денесін кеше құтқару жасағы көл түбінен алып шықты. Ал, екінші қыздың денесі бүгін түс кезінде ғана табылды. Мамандардың айтуынша, ел аумағы бойынша кеше бір күнде арнайы жасақталмаған жерде суға түскен 11 адам қаза болған, тағы біреуі іздестірілуде. Суға кеткендердің екеуі - бала.

Хабарламаларға жазылу