Ұлттық арнаға хабарласып, шағымын айтқан кәсіпкерлерге тұрғын үй басқармасы жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнаға хабарласып, шағымын айтқан кәсіпкерлерге тұрғын үй басқармасы жауап берді

03.08.2017

Астана маңындағы Пригородный шағын ауданында ескі су мұнарасын бұзуда олқылықтарға жол берген мердігер компания жауапқа тартылады. Бұл туралы Тұрғын үй  басқармасы мәлімдеді. Бұған дейін редакциямызға электр қуатынсыз қалып, шығынға батқан бір топ азамат хабарласқан еді. Алайда, бір күнде бұл мұнара қоршалмастан бұзылып, жақын маңдағы тұрғындар да наразылығын білдірген. Айтуларынша, электр қуатынсыз қалған бір бөлек,  қауіпсіздік шараларының сақталмауы қатты алаңдатып отыр. Мәселені тиісті мекеме мамандары назарға алып, «мердігерге шара қолданамыз» деп уәде берді.  

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу