ХҚКО «дербес менеджер» жобасын іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ХҚКО «дербес менеджер» жобасын іске қосты

03.08.2017

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Сіздің жеке менеджеріңіз» пилоттық жобасы іске қосылды. Енді банктер мен анықтама алатын түрлі мекемеге баруға уақытыңыз болмаса, барлық шаруаңызды бір маман бітіріп береді. Тек менеджерге сенімхат және нотариалды түрде расталған жеке куәліктің көшірмесін тапсырсаңыз болғаны. Бұл қызмет ақылы. Әзірше жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер телімін рәсімдеу секілді қызметтер қолжетімді. Жоба Қазақстан бойынша 37 орталықта іске асырылды. Қызмет әсіресе, банк үлескерлері, көлік сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу