«Кедергісіз келешек» жобасы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кедергісіз келешек» жобасы басталды

02.08.2017

Бүгін «Нұр отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде «Кедергісіз келешек» жобасы басталды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің әлеуметтік мәселелері бойынша көмек ала алады. Жобаның алғашқы күні-ақ республикалық қабылдауға 20-ға жуық азамат келді. Олар медицина, еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы мағлұмат алды. Министрлік өкілдері әр азаматтың проблемасын жеке-жеке жазып алып, мұқтаж жандарға көмек көрсететіндерін айтты. Партия аталған жобаны еліміздің түпкір-түпкірінде ұйымдастыруды көздеп отыр.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу