Енді елордалықтар тұрғын үй саласына қатысты құқықтық көмектерді тегін ала алады. Астанада үлескерлерді қолдау орталығы ашылды. Проблемалы объектілердің мәселесімен айналысатын арнайы орталықта қала әкімдігінен бастап, Ішкі істер департаменті, прокуратура, сәулет-құрылыс бөлімінің мамандарына дейін қызмет көрсетеді. Олар қала тұрғындарын аптасына үш мәрте яғни, таңғы сағат 9-дан түскі 12-ге дейін қабылдайды.
Айдана ҮСЕНБАЙ