Яғни, алдымызда шағын бизнес өкілдерінің жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмау міндеті тұр. Бұл өзекті мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті мен Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының бірлескен республикалық бейнеконференциясында көтерілді.
Қарқаралы қаласының тұрғыны Мадияр Шәмшиев - жеке кәсіпкер. Өткен күзде әкесі дүниеден озған соң, оның бастап кеткен автобаза бизнесін жалғастырмаққа бекінген.
«Жас келсе, іске», демекші мекемедегі бос тұрған токарлық қондырғыларды да қоспақшы болыпты. Одан тыс көлік жөндейтін цех тағы бар. Ол үшін электр энергиясы ауадай қажет. «Алайда, жергілікті энергетикалық компания арқылы электр желісін тартқызу мүмкін болмай отыр», - дейді кәсіпкер.
Мадияр Шәмшиев, жеке кәсіпкер:
Бекітілген ереже арқылы бізге техникалық шарт жасамайды. Басқа, өздеріне пайдалы техникалық шарт қояды. Заңсыз, берген құжаттары өте қымбат.
Бүгін міне, Мадиярға ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеті мен Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының бірлескен республикалық бейнеконференциясына қатысудың сәті түсті.