Алматыда «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» атты жаңа ғылыми кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық» атты жаңа ғылыми кітап жарық көрді

01.08.2017

Елеулі еңбекте қазақ жерінде XX ғасырдың отызыншы жылдары болған ашаршылық нәубеті туралы мұрағаттарда сақталған тың деректер бар. Сондай-ақ, қазіргі Жамбыл облысы, бұрынғы Әулие-Ата өңіріндегі зұлмат жылдардың ауыртпалығын басынан кешіріп, тағдырдың тәлкегіне түскен қарттардың естеліктері келтірілген. Тарихшылардың сөзінше, қазақ даласындағы аштық туралы ғылыми зерттеулер әлі де аз. Себебі, сол кезде қырылған адамдардың тізімі мен олардың нақты саны бүгінге дейін анықталмады. Сондықтан, осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру керек.   
 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу