Алматының қоғамдық көліктерінде ертеңнен бастап жол ақысын төлеу жаңа тариф бойынша жүргізіледі. Яғни, «Оңай» картасымен төлем жасау 80 теңге, ал, қолма-қол төлем жасау 150 теңге болады. Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда жолақының қымбаттауын мамандар қаражаттың көлеңкелі айналымын азайтып, салық түсімін арттырады, деп отыр. Сондықтан, бұл жүйе жолаушылар арасында электронды картаның көбірек қолданылуын көбейту үшін қажет.
Амангелді СЕЙІТХАН