Астанада отандық тауар өндірушілер көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отандық тауар өндірушілер көрмесі басталды

28.07.2017

Бүгін Астанада отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» атты 3-ші форумы ашылды. Қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдері ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болуы шарт. Ал, ол үшін не істеу керек? Міне, осы және өзге де сұрақтарды форум қатысушылары талқыға салды. Сонымен қатар, «Қазақстанда жасалған» атты көрме ұйымдастырылды. Тауар өндірушілер көрмеге өздерінің үздік деген өнімдерін қойып, көпшілік назарына ұсынған.

 

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу