Қазақстандағы табиғаты ғажайып аймақтардың бірі саналатын Баянауылда бүгінгі күнге дейін орталықтандырылған су жүйесі болмаған. Енді бұл өзекті мәселе Ұлт жоспары аясында шешімін табады. Республикалық бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы бөлініп, ауданды ауызсумен жабдықтау жұмыстары басталды. Тілші Болат Аманбаев құрылысты өз көзімен көріп қайтты.
Болат АМАНБАЕВ