Биыл Сот төрелігі академиясы алғашқы түлектерін шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Сот төрелігі академиясы алғашқы түлектерін шығарды

25.07.2017

Бұл туралы бүгін Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева мәлімдеді. Құқық магистрі дәрежесіне ие болған 53 түлек енді білікті судьялардың қатарын толықтырмақ. Ұлт жоспарының тыңғылықты орындалуына сәйкес, қазір сот жүйесі қызметкерлерінің білім-біліктілігі артқан. Осы жылы 140 судьяның кәсіби қызметі жоғары бағаланғанды. Нәтижесінде, әділдік іздеп, сот төрелігіне жүгінетін халықтың қарасы көбейген. Яғни, Жоғарғы сотқа сенім деңгейі 67,6 пайыздан 75,4-ке артты.

Биыл ел көлемінде сотқа келіп түскен қылмыстық істердің саны 8,5 пайызға артса, оның дені жедел шешілген. Оған дәлел, 6 айдан аспайтын уақытта қаралған істердің саны 1,7 пайызға қысқарған.

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу