Жеміс-жидекті шалшық суға жуған сатушы жауапқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеміс-жидекті шалшық суға жуған сатушы жауапқа тартылады

24.07.2017

Бұл туралы тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінен хабарлады. Оқиға осыдан бір-екі күн бұрын елордада өткен жәрмеңкелердің бірінде болған. Сатушы әйелдің әрекетін қала тұрғыны ұялы телефонына  түсіріп алады. Видео әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Енді тұтынушылардың құқығын таптаған саудагер заң алдында жауап бермек.

Хабарламаларға жазылу